Шымкентте мектеп бітірген оқушы менингококты инфекциядан көз жұмуы мүмкін
Шымкентте бүгін көз жұмған мектеп бітірушінің ажалы менингококты инфекциядан болуы мүмкін. Күнгейлік дәрігерлер осындай суыт хабар таратып жатыр. Таңғы 6 жарымдар шамасында қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен 18 жастағы жігіт тура 40 минуттан соң қайтыс болды. Дәрігерлер менингококты инфекция жұқтырған деген болжам айтып отыр. Ал нақтысы марқұмның ағзасын толық тексеріп шыққан соң ғана белгілі болмақ. Көз жұмған жасөспірім бір үйдің жалғыз баласы болған. Мектепті биыл бітірген ол дәл бүгін аттестат алуы керек еді.
Автор: Бек Әбиев
15.06.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
31 қаңтар
Серіктестер жаңалықтары