{metadescription}
«Кел, келінім» шоуының алғашқы маусымы аяқталуға жақындап келеді
«Кел, келінім» шоуының алғашқы маусымы аяқталуға жақындап келеді

«Кел, келінім» шоуының алғашқы маусымы аяқталуға жақындап келеді

Қазірдің өзінде жобада 3 жұп пайда болған. Енді оның арты тойға ұласып, еліміздегі бақытты отбасылар қатары көбеюі бек мүмкін.

Десе де, реалити-шоу болғандықтан, тосын жағдайлар көп болады. Жобаның соңғы сандарында да қатысушылар күтпеген шешімдер қабылдап, 2 жарым айда жасырып келген сырларын ашпақ. Яғни нағыз қызық алдағы аптада эфирге шығады. «Кел, келінімде» қалыңдық таңдай келген 4 жігіт және олардың аналары бар. Ал бақыты үшін күресуші арулар саны - 8. Оларды болашақ енелер түрлі сынақтардан өткізген. Тіпті, ешкі сауу, күбі пісу сынды қиын тапсырмалар болды. Сыннан сүрінген қыздар үшін бағдарламаның есігі жабылған-ды. Арасында аналардың айтқанын істегісі келмегендер де табылған. Елімізде бұрын-соңды болмаған реалити-шоудың біздің арнада дүйсенбі-жұма күндері сағат 15:00-де көрсетілетінін айта кетейік.

Сана Асылханова, «Кел, келінім» реалити-шоуының қатысушысы:

-Көптеген тапсырмалар келіп жатыр. Барлығы көне заманның тапсырмалары. Мысалы, қазанды жу, қаз тазалау деген сияқты... Ол қазіргі жаңа ғасырда өмір сүріп жатқаннан кейін, осы күнделікті өмірге керек емес нәрселер деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.