Шығыста ерекше құтқару кемесі пайда болды
Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасында «Ледокол» атты құтқару кемесі өз жұмысын бастады. Өрт сөндірумен айналысатын су көлігі демалушылардың қауіпсіздігі үшін жағалауды күндіз-түні күзетпек.
15.06.2018
Бұқтырма аумағындағы саяжай, демалыс орындары, елді-мекендер мен орман желектерінде өрт шықса құтқарушылар кешігіп, зорға жетеді. Өрт сөндіру көліктеріне ойлы-қырлы тар жолдар кедергі келтіретін еді. Бұдан бөлек, демалыс аймақтарының кейбір жерлеріне су жолымен ғана бара аласың. Енді осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Ледокол» кемесі шомылу маусымы аяқталғанға дейін жағалауда жүреді. Кеменің мақсаты өрт тұтанған аймаққа құтқарушыларды жылдам жеткізу. Сондай-ақ, үш сорғыш құрылғымен жабдықталған кеме тілсіз жауды 50 метр қашықтықтан ауыздықтауға қауқарлы.
Михаил Истомин, кеме капитаны:
-Демалыс аймақтарына барар жолдар тар. Оған қоса өрт сөндіру көліктерінің суы мен жанармайы да таусылып қалуы мүмкін. Сондықтан жағажайда өрт болса, теплоходпен барамыз. Ол автокөлікке жанармай да жеткізе алады. Құтқару жұмыстарына да атcалысамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!