{metadescription}
Петропавлда шатыр дауы өрши түсті
Петропавлда шатыр дауы өрши түсті

Петропавлда шатыр дауы өрши түсті

Петропавлда төрт  жыл бұрын пайдалануға берілген үйдің тұрғындары шағым айтты. Бұған шатырға өз антенналарын орнатқан ұялы байланыс компаниясының төбенің талқанын шығаруы себеп. Енді жоғары қабат тұрғындары жауын жауған сайын шелек-шелек су тасып әбігерге түсуде. Ал бұған біз кінәлі емеспіз деген байланыс қызметкерлері шатырды жөндеуге қаражат бермейтінін айтты.

Жауын жауған сайын тартпалы төбеден осылайша су ағызып отыратын тұрғындар соңғы күндері тіпті мезі болдық дейді. Теріскейдің жаңбырлы жазы жығылғанға жұдырық болып тұр.

Ирина Краснощек, Петропавл қаласының тұрғыны :

-Біз күнде осылай ағызып отырамыз. Алғашқыда шелектегі су үстіме құйылып, қызым шошып қалған еді. Енді, міне, баланы осылай алдарқатып отырмасам болмайды. 20 жыл күткен жалғыз қызымның денсаулығына алаңдаймын. Сыз тартқан дымқыл пәтерде демалу мүмкін емес.
Бұл үй 2014 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген. Екі жыл бұрын пәтер иелері кооперативінің басшысы тұрғындарды жинап, шатырға ұялы компаниялардың бірінің антеннасын орнатуға үгіттеген. Сол үшін байланыс операторы ай сайын беретін 70 мың теңгесі артықтық етпес деп келіседі. Бірақ қысы-жазы келіп антеннаны тексеріп тұратын қызметкерлер төбенің ойранын шығарған көрінеді.

Тұрғындардың өздері үйдің техникалық қабатына шелектер қойып, оны кезектесіп төгіп тұрады екен. Қыста қарын күреп тұрады. Осыны алға тартқан байланыс операторлары шатырды біздің қызметкерлер емес, қар күреген тұрғындардың өздері бұзды деп, шығынды өтеуден бас тартыпты.  

Әлия Сәрсенова, пәтер иелері коопретаивінің төрайымы:

-Біз ұялы байланыс компаниясына тым құрығанда жалға беру ақысын жарты жылға ертерек төлеуді сұрадық. Олар бұл мәселені жуырда шешеміз деп сендірді. Егер ақша түссе шатырды биылдан қалдырмай жөндейміз.

-Шатырды жалға алудың жарты жылдық ақысы төленсе, төбедегі тесіктер жөнделуі мүмкін. Алайда пәтер иелеріне келген шығынды кім өтейтіні әлі белгісіз.Тұрғындар болса «ұялы байланыс компаниясы құн төлеуден бас тартса, оларды сотқа сүйрейміз» деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде