{metadescription}
Елімізде айт ерекше тойланып жатыр
Елімізде айт ерекше тойланып жатыр

Елімізде айт ерекше тойланып жатыр

Бүгін күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мереке  - Ораза айт басталды! Рамазан айы аяқталысымен келетін мейрам елімізде ерекше тойланып жатыр. Айтулы күнмен Қазақстан халқын президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы  құттықтады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

-Осы мереке күндері әрбір мұсылман жақсы істер жасауға, жақындарына қуаныш сыйлап, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады. Осындай ізгі ниеттер мен игілікті істер еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға зор септігін тигізеді. Шуақты Ораза айт мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!

Ораза Айт, әсіресе, орталық Азиядағы ең ірі мешіт – Әзірет Сұлтанда ерекше тойланды. Ұлық мерекені асыға күткен жамағат мұнда таңертең сап түзеп, айт намазына жығылды.  Жаратқанға жалбарынып,  дұға жасады, садақа берді. Ал құлшылықтан соң Алла үйінің сыртында арқан тартыс, қол күрестіру секілді ұлттық  ойындар ойнатылды. Топ жарған жігіттер құр алақан қайтқан жоқ. Мешіт атынан арнайы сыйлықтар берілді. Әрі айтшылап келгендерге киіз үй ішінде мол дастархан жайылған. Нағыз халықтық мерекеге ұласқан Ораза айт әлі екі күнге жалғаспақ. Ал бір ай ауыз бекітіп, бес парыздың бірін өтегендер  енді келесі айтқа аман жетуді тілеп отыр.

СОВЕТ ОЕКЕНЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-Айттарыңыз қабыл болсын. Алла тағала ризық берсін барлықтарына. Қайда жүрсеңдер де аман жүріңдер! Алла тағала жақсылық берсін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.