{metadescription}
Петропавлда баққа әншілердің иелік етуі үлкен дау туғызды
Петропавлда баққа әншілердің иелік етуі үлкен дау туғызды

Петропавлда баққа әншілердің иелік етуі үлкен дау туғызды

Петропавлда қалалық ботаникалық бақ айналасындағы дау тоқтайтын емес. Қолдан қолға өтіп жүрген бұл нысанға енді өсімдік әлеміне еш қатысы жоқ әншілер мен бишілер иелік етпек. Яғни қала әкімінің шешімімен, нысан «Жас дарын» қалалық қосымша білім беру мекемесіне қарайтын болған. Бұған наразы  ұжым мүшелері Елбасына хат жазып, өздеріне араша түсуді сұрап отыр. Әйтпесе, биология ғылымынан мүлдем мақұрым жандар талай жылғы еңбегімізді еш қылады дейді олар.

105 жылдық тарихы бар бұл бақ осындағы ет комбинаты ыдырағалы бері қолдан қолға өтіп жүр. Бұл нысан бір ғасыр бұрын сол кәсіпорынға қажетті пияз егу үшін салынып, кейін қала мақтанышына айналған еді. Енді міне шенділер қысқы бақты қалалық білім бөлімі жанынан ашылған мекемеге беру керек деп шешіпті. Оны естіртуге келген қала әкімі мен  бақтың қазіргі агрономы арасында дау туған.   

Қысқы бақ қызметкерелері өздерін дарынды жандарға емес,  тым құрығанда агрономдарға немесе ауыл шаруашылығының мамандарына  беруді сұрайды. Олар бұл нысанның ақша табу жағын ғана емес, өсімдіктердің тағдырына да алаңдайтын болады деп сенеді.

Артур Рязапов, «Ботаникалық бақ» қоғамдық ұйымының директоры:

-Сонда бізге өсімдік әлемінен мүлде мақрұм  әншілер мен бишілер басшы бола ма? Олардың биология ғылымынан еш хабары жоқ қой. Сондықтан біз бақты облыстық табиғат ресурстарын  пайдалануды  реттеу басқармасына немесе ауыл шаруашылығы басқармасына берулерін сұраймыз.  

Шенеуніктер болса, ботаникалық бақ қалалық білім бөлімінің жанынан ашылған «Жас дарын» қосымша білім беру мекемесінің қарамағына өтсе, мектеп оқушыларының экскурсиясы есебінен қосымша табыс табады дейді. Бұл ұжым мүшелерінің жалақысын көтеруге де мұрсат береді деген ойда. Алайда оқушыларды бақтың иесін ауыстырмай-ақ әкеле беруге не кедергі екені белгісіз.

-Қазір бұл қысқы бақта 24 адам еңбек етеді. Олар облыс тұрмақ, еліміз бойынша ең  аз  жалақы алатын ұжымдардың бірі. Ай сайын қолдарына  шамамен 35 мың теңге ғана тиеді екен. 

Атқамінерлер бұл нысанды қайта жабдықтау үшін 3 миллион теңгеге сметалық жоба әзірлепті. Оған сай бақ алдындағы ағаштар оталып, хайуанаттар паркі де ашылмақ. Сол ағаштарды өз қолымен отырғызған ұжым мүшелері Елбасына хат жазып, Астанадан араша сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.