{metadescription}
​Алматыдағы «Саяхат» автобекетінің аумағында алапат өрт болды
​Алматыдағы «Саяхат» автобекетінің аумағында алапат өрт болды

​Алматыдағы «Саяхат» автобекетінің аумағында алапат өрт болды

Түнде тұтанған қызыл жалын әп-сәтте бірнеше дүңгіршекті шарпып үлгерген. Пластикалық жабындылар түгі қалмай өртеніп, тіпті темірге дейін балқып, майысып кетіпті.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен жарты сағаттан астам уақыт арпалысып, әрең дегенде өшірген. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Себебі, бұл уақытта бекет аумағында адам аяғы саябырсып, иелері сауда орындарын жауып кеткен екен. Ал, дүңгіршектерде самса дайындалған, асханалар орналасқан. Төтеншеліктер 6 газ баллонын дер кезінде сыртқа шығарыпты. Әйтпесе, соңы жойқын жарылысқа ұласуы мүмкін еді дейді куәгерлер. Сондай-ақ, өрт автобекеттің кассасы орын тепкен ғимарат шатырының бір шетіне тиген. Қазір оқиғаның себебі анықталуда. Шығын көлемі де есептеліп жатыр. Айта кетейік, «Саяхат» автовокзалы жыл басында-ақ қауіпті нысандар тізіміне іліккен болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде