{metadescription}
Астаналық жастар өздерін жаңа қырынан көрсетіп жатыр
Астаналық жастар өздерін жаңа қырынан көрсетіп жатыр

Астаналық жастар өздерін жаңа қырынан көрсетіп жатыр

Өйткені бас қалада «Сенің жаңа қырың» атты республикалық челлендж басталды. 21 күнге жалғасатын осы эстафета аясында «Astana sport day» марафоны да өтуде.

Спорттық шара жаппай «Зумба» биін билеуден басталды. Бұдан соң, қыз-жігіттерге арналып, гимнастика, скейтборд пен таеквондо секілді спорт түрлерінен шеберлік сағаттары өтті. Әрі челленджге қатысушылар шахматтан өзара мықтыны анықтап, веложарысқа қатысты. Жалпы, Тұңғыш президент қорының қолдауымен бастау алған эстафетаға қызығушылық танытқандар көп. Челлендждің мақсаты – жастарды жаппай спортқа шақыру.

ТОҚТАР БОЛЫСОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР КОНГРЕСІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

-Көптеген жастар республика бойынша 21 күндік эстафетаны бастады. Біздің ойымызша ол 21 күн ғана емес, жалпы жастардың барлығы үнемі спортқа қатысуы керек. Сол себепті осындай тамаша шара әлі жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде