{metadescription}
Ақтауда су астындағы ерекше сайыс ұйымдастырылды
Ақтауда су астындағы ерекше сайыс ұйымдастырылды

Ақтауда су астындағы ерекше сайыс ұйымдастырылды

Жарысқа қатысушылар Каспий теңізінің тереңіне сүңгіп, тек қолындағы арбалетпен ғана балық аулады. Ептілік пен мергендік қатар сыналған сайыс қала тұрғындарын тәнті етті.

Санаулы сәттен соң суға сүңгіп, сайысты бастайтын балықшы су астындағы тартыстың қызықты өтетініне сенімдімін дейді. Себебі, теңіздің тереңінен олжа іздегендер жарыс талабына сәйкес аулайтын балықты арбалетпен атып түсуі тиіс. Бірақ, турнирді ұйымдастырушылар оза шабатын бақтан гөрі, тәжірибе мен дайындыққа аса мән берген дұрыс дейді.

Алексей Насенков, ұйымдастырушы:

-Судағы балықтар өте әккі келеді және аулаушылардың әрбір әрекетін біледі. Сондықтан, жарысқа қатысушылар осындай сәттерде мұқият болып, әр мүмкіндікті жібермеу керек.

Су астындағы балықшыларға тек өзіне белгіленген аймақта балық аулауға рұқсат берілген. Жағалаудан 200 метр, бір-бірінен 50 метр қашықтықта жүзуге мүмкіндік бар. Өйткені, қауіпсіздік шаралары қатаң сақталмаса арбалет асынған балықшылар бір-бірін жаралап алуы да ғажап емес. Ал, теңіз түбінде 3 минутқа дейін демін ұстап тұра алатындар қиындықты оңай еңсере алады дейді төрешілер.

Ерлан Жұмаев, төреші:

-Егер су астында деміңді ішіңе тартып, 3 минуттай ұстап тұрсаң балықты атып түсіруге көп мүмкіндік туады. Ал, су бетімен жүзсең балықты үркітіп аласың. Сондықтан бұл жерде әр қырынан қарау керек.

Ептілік пен мергендік қатар сыналған жарыста балықшылар аянып қалмады. Тіпті, жеңіс тұғырынан көрінгендер су астынан қанжығасына 10 келіге жуық балық байлап шықты. Енді жеңімпаздар спорттың осы түрінен ұлттық құраманың сапына алынып, халықаралық турнирлерде ел намысын қорғайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.