Семей орманындағы өрттің себебі белгілі болды
Арнайы тексерген мамандар, әлдебіреулер қасақана от қойған дегенді айтады. Соның салдарынан, мемлекетке 78 млн. теңге шығын келген.
Автор: Ұлан Нұрахмет
18.06.2018
Айтуларынша, қарағайлы орман ішінен бір мезетте 3 жерден от қойылған. Алайда, мұны кімнің жасағаны, қылмысқа не үшін барғаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта, жергілікті полиция қаскөйлерді іздестіріп жатыр. Айта кетейік, 21-ші мамырда Семейдің іргесіндегі орманда өрт шыққан болатын. Тілсіз жаудың жылдам тарағаны соншалық, жұмылдырылған 350 адам мен 50 арнайы техниканың да қызыл жалынды ауыздықтауға шамасы жетпеген еді. Төңірегін тұтастай жайпап, тіпті, «Қызыл-Кардон» ықшамауданына да қауіп төңдірді. Қазіргі таңда ол жерлерде қалпына келтіру жұмыстары жүруде.
Мұрат Дәулетов, «Семей орманы» МОТР ММ бас директоры:
-Ол жерде қалың орман болуы тиіс. Сондықтан өртенген жерді қалыпқа келтіруге кірістік. Жанып кеткен қарағайларды алып тастап, орнына жас көшеттерді отырғызамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!