Сотталушы қашып шыққан Степногор түрмесінде ауқымды тексеріс басталды
Степногор түрмесінен қашқан аса қауіпті қылмыскерді ұстау операциясы қала жұртын аяғынан тік тұрғызды. Ауыр қылмыс жасап,ұзақ мерзімге сотталған 26 жастағы Ерболат Қасенов 166-18 қауіпсіздігі жоғары колониядан кеше түсте зым зия жоқ болған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
18.06.2018
Қауіпті қылмыскер қаладан шығып үлгермеді. Ол соңына із кесушілер түскенін байқап қалып, Степногор қаласының 10-шы шағын ауданындағы автотұраққа жүгірген. Сол жерде бірден күзетші қарияны кепілдікке алған. Қашқынның қолында пышағы болыпты. Әйтеуір, тәртіп сақшылары жіті қимылдап, ешкім зардап шеккен жоқ. Қатаң тәртіптегі колониядан аса қауіпті қылмыскердің қалай қашып шыққаны белгісіз.Бұл жағдайдан хабардар 46 мың тұрғыны бар Степногор қаласының жұрты осы күні үреймен отырған. Өйткені,колониядан қашып шыққан Ерболат Қасенов ұрлық, зорлық зомбылық жасағаны және кісі өлтіргені үшін 2012 жылы 24 жылға сотталыпты. Қазір Қылмыстық Атқару жүйесіндегі бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс басталған.Ал бұл әрекеті үшін қылмыскер жазасы одан сайын ауырламақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!