Байларға салық көбеюі мүмкін
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бүгін халықпен есептік кездесуінде осы мәселеге байланысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазір министрлік халықаралық тәжірибені зерделеп жатыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
18.06.2018
Кәдуілгі баспаналардан бағасы еселеп қымбат тұратын мынадай үйлер Астанада жетіп артылады. Есілді жағалай, Ақордаға жақын тұстан салынған мұндай тұрғын үй кешендерінің маңайында анау-мынау көлік жүрмейді. Қара басы жүздеген аттың күшін беретін сүлік қара темір тұлпарлардың құны біреулердің ғұмыр бойғы жиған-тергенінен де асып түседі. Осындай қымбат көлік, жалтыраған пәтер немесе гектар-гектар жері мен жекеменшік яхтасы бар қалталыларға салықтың жаңа түрі шығуы мүмкін. «Байлық салығын» енгізу туралы былтыр мәжіліс депутаттары да мәселе қозғаған болатын. Енді оған Ұлттық экономика министрлігі кіріскен.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
-Менің ойымша, жер аумағы, мүлік, автокөлік сияқты салық төлеу нысандары әлдеқайда жеңіл рәсімделеді. Оның бәрі мемлекеттік тіркеуде тұр. Бірақ оларға салынатын салықты жалақыдан ұстамау керек. Сол салық нысандарын әкімшілік тіркеуге алып, оларға арнайы есеп жүргізген жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!