{metadescription}
​Теңге тағы құлдырай бастады. Сарапшылар не дейді?
​Теңге тағы құлдырай бастады. Сарапшылар не дейді?

​Теңге тағы құлдырай бастады. Сарапшылар не дейді?

Бүгін Қазақстан қор биржасынында бір доллардың орташа бағамы 338 теңге 78 тиынды құрады. Сарапшылар бұл өзгерістің басы ғана деп отыр.

Расыменде, теңгеміздің тегеуріні қайта құлдырай бастағаны халықты алаңдатып отыр. Алайда, Ұлттық банктегілер әлеуметтік желіде «теңге құнсызданады» деген қауесетке сенбеуге шақырды. Теңге ең әуеліден бастап мұнайға тәуелді. Қарқынды өсіп келе жатқан қара алтынның қазір бір баррелі 72 доллардан асқан.

Банкирлердің пайымдауынша, демалыс маусымы кезінде шетел валютасына деген сұраныстың артуы  теңге бағамын әлсіретіп отыр. Сондай-ақ, америкалық биліктің пайыздық мөлшерлемені өсіруі теңгенің тұрақсыздығына әкеп соққан.

Соған қарамастан желдей ескен ақпарат шындыққа айналуы әбден мүмкін. Экономистер жыл соңына дейін доллар 350 теңгеден асып жығылады дейді. АҚШ ақшасының шарықтауына тек интервенция ғана тосқауыл бола алады. Дегенмен, бұл экономикамызға кері әсер етеді дейді сарапшылар.

Мақсат ХАЛЫҚ «Pro Gente» экономикалық зерттеу ортылығының жетекшісі:

- Алтын қордағы ақшасын жұмсайды.Ол дегеніміз біздің мемелекет қорындағы қаражат жұмсалып жатыр деген сөз. Бұл жақсы емес. Егер бұлай жалғаса беретін болса, біздің ұлттық қорда қаражат қалмайды деген сөз. Оның салдары көп.

Мәселен, бүгін төл ақшамыз бірден 2 жарым теңгеге әлсіреді. Өткен жұманың аяғында теңге бағамы 335 теңге 94 тиынға тұрақтаған еді. Қазіргі уақытта ақша айырбастау орталықтарында бір доллар орташа 340 теңгеден сатылып жатыр. Осыған дейін Ұлттық валютамыздың бірнеше рет күрт құнсызданып кетуі көпшілік үшін күтпеген жаңалық болған еді. Сондықтан, «доллар қымбаттады» десе, жұрттың дүрлігуі де заңды шығар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде