{metadescription}
Шудағы апат:  Жолаушылар  қақ айрылған вагоннан қандай азаппен шыққандарын айтып берді
Шудағы апат:  Жолаушылар  қақ айрылған вагоннан қандай азаппен шыққандарын айтып берді

Шудағы апат: Жолаушылар қақ айрылған вагоннан қандай азаппен шыққандарын айтып берді

Осы апат салдарынан қаза тапқан 12 жастағы баланың денесі туған жеріне жеткізілді. Алексей Мальнев сол Қарағанды облысында ертең жер қойнына тапсырылады. Ал апаттан зардап шеккен тағы бір жолаушыға бүгін ота жасалды. 48 жастағы Астана тұрғынының қазіргі хәлі жақсы. Жалпы осы пойызда болған жолаушылардың 10-нан астамы дәрігерге қаралыпты.

Мына кадрларда апатқа ұшыраған вагондардың асты-үстінен жақындарын іздеген жұрт жанталасып жүр. Жылаған, бастырылып көмек сұраған дауыстар жүрегіңді сыздатады. Адамдар қалың терезені сындырып, бір-біріне қол ұшын созып жатыр.      

-Терезені сындыратын балға таппадық. Бір сайман жоқ. Бір жігіт қолымен сындырды, әйтеуір жабылып жүріп құтқардық бәрін.

Астана –Алматы бағытындағы пойыздың бес вагоны шойын жолдан шығып кетсе, үшеуі аударылған. Ал ортаңғысы бел ортадан майысқан. Соған қарағанда ол алдыңғысына қатты соғылған болуы мүмкін.   

-Көріп тұрғандарыңыздай, аударылған вагондар жатқан жерінде жатыр. Қалпына келтіру жұмыстары жеті сағаттан бері жалғасуда. Бірақ өніп жатқан ештеме көрінбейді. Ал апаттың қаншалықты жойқын болғанын мына көріністерден байқауға болады. Мәселен, бетон шпалдар қақ айырылып әр жерде шашылып жатса, рельстер екіге ажырап кеткен. Мына вагондарды көтеру әлбетте оңай емес. Сондықтан арнайы техниканың келуі күтілуде.

Апаттан 12 жастағы баланың қаза тапқаны белгілі. Ыстықкөлге демалысқа барамын деп кетіп, жарты жолда мерт болған марқұмның денесі бүгін Қарағандыға жеткізілді. Алексей Мальнев ертең жер қойнына тапсырылады.

Ольга Мальнева, марқұм А.Мальневтің әжесі

-Екінші ұлдары, Лешаның артында қалған Андрей екеуі өте бауырмал еді. Соған қиын болатын болды. Онымен қоса, әке-шешесі үшін де, бірінші баласынан айырылу оңай емес қой. Жүрегім езіліп отыр. Құдайдың қалауы сол болған шығар енді.

Ал, осы оқыс жағдайдан жапа шеккен Астана тұрғынына бүгін ота жасалды. Оның қос аяғы үш жерден сынған болатын. Әліби Байжанов әйелі мен өзінің аман қалғанына шүкір деп отыр. Ол болған жайтты қорқынышты түстей еске алады.

Әліби Байжанов, Астана қаласының тұрғыны:

-Отырғанбыз бәріміз әңгімелесіп. Балалар ойнап жүрген. Сол кезде бірден тежегіштің басылғаны сезілді. Сосын вагон шайқатылды. Бәрі құлап бір минуттың ішінде дым көрінбей қалды. Көкала көк шаң, айғай шу, жоғарыға көмек беріп тартып шығарды. Жоғарғы терезені сындырды.

Оқиға себебін мамандар әлі тексеріп жатқанда, жарақат алғандар өз болжамдарын айтып үлгерді. Бір азамат техниканың кілт тоқтауынан апат болды десе, вагондардың бірінің жолсерігі басқаша нұсқаны жайып салды. Оның айтуынша, айқасып өткен жүк пойызы вагонға жанасып, аударып жіберген.

Осы көріністер жолсерік айтқан нұсқаға дәлел болатын сияқты.  Әйтпесе, вагонның темір есігін кесіп, жан-жағын жапыратындай басқа ештеме жоқ мұнда. Айта кетейік, №10-ші Бәйтерек пойызындағы жалпы саны 800-ден астам жолаушының 152-сі аударылған үш вагонда болған. Олардың барлығы діттеген жерлеріне жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде