{metadescription}
«Кел, келінім»:  Қыз-жігіттердің шынайы бетпердесі ашылмақ
«Кел, келінім»:  Қыз-жігіттердің шынайы бетпердесі ашылмақ

«Кел, келінім»: Қыз-жігіттердің шынайы бетпердесі ашылмақ

Нұргүл Нұрланқызы

 

«Кел, келінім» реалити-шоуының бірінші маусымы аяқталуға жақындаған сайын қызық артуда. Жобаға қонақ болып барған әріптесіміз Дина Төлепбергенге қатысушылар өз құпияларын жайып салған.

Таңнан кешке дейін түсірілім. Өзара түсініспестік. Көрерменнің сыны мен міні. Мұның бәріне 4 жігіттің еттері үйренген. Бастысы, жар таңдауда қателеспесек дейді өздері.

Данияр Нұрсейітов, «Кел, келінім» реалити-шоуының қатысушысы:

-Клубқа көп барады қазір. Ашық-шашық киінеді. Соның бәрі сол жүректегі иманнан деп ойлаймын. Және де ой-өрістері, жалпы ақылдары ондай көп емес қазіргі қыздардың.

Сондықтан да, қалыңдықты осы жобадан іздеген. Жастар бір-бірін әбден танып, қазір жаңа жұптар пайда болды. Қыздарды болашақ енелер түрлі тапсырмаларымен сынады. Әрине, бойжеткендердің білмейтіні көп. Оны аналар уақыт өте келе үйретуге әзір екен.

Мухабат Ибрагимова, «Кел, келінім» реалити-шоуының қатысушысы:

-Әр адамда өзінің бір кемшілігі болады. Ол кемшілігі өмірде бірге тұрғаннан кейін, айтып, үйретіп, соны көрсетіп, білмеген жерлерін көрсетіп дегендей... Сөйтіп, келін қылып алуға болады.

2 айдан аса уақыт ішінде мұнда қуаныш, қызғаныш, өкпе-реніш, ұрыс-керіс те болды. Қазір әр қатысушының  ішінде айтылмай қалған ақиқаты жатыр. Оны қыз-жігіттер әріптесіміз Дина Төлепбергенге ашық баяндап берген. Ал, тележүргізушінің өзі негативті пікір білдірушілерге жүгінді. 

Дина Төлепберген, тележүргізуші:

-Мұндай көп жарық, камералар, адамдар, көрермендер бұл психологиялық-эмоционалдық тұрғыда да өте қиын қыз баласы үшін.   Мен керісінше, қыздарды мақтар едім. Олар өзінің бақыты үшін күресуге келген.

Қатысушылар Динаға не айтты?! Оны ертең, әдеттегідей сағат 15:00-де арнамыздан көре аласыздар. Бейсенбі мен жұмадағы жобаның соңғы сандары да тосын жағдайларға толы болмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде