{metadescription}
Ақмола облысында бірнеше ғасырлық тарихы бар алқа табылды
Ақмола облысында бірнеше ғасырлық тарихы бар алқа табылды

Ақмола облысында бірнеше ғасырлық тарихы бар алқа табылды

Есіл өзені жағасынан 4 жарым мың жыл бұрынғы моншақты қола алқа табылды! Археологтар жәдігердің осы уақытқа дейін бәз-баяғы қалпында сақталғанына таң қалып отыр.

Қола дәуіріндегі  әйелдердің  әшекейлері Есіл  өзені сағасындағы ескі қорымдардан қазып алынған. Адам сүйектері қайта жерленіп, ондағы құнды заттар мұражай қорына қосылыпты. Әшекейлердің ішінде қола қапсырмалар, түрлі салпыншақтар мен тұмаршалар да бар. Бәрінен құндысы – моншақты алқа. Қола дәуіріне өткен кезде ең қымбат метал саналған қоладан әшекей тағу тек  дәулетті отбасындағы әйелдерге ғана мүмкін болған. Сондықтан, қорымнан табылған бұйымдар онда жерленген адамдардың мәртебесін көрсетіп тұр, - дейді мамандар.

Жасұлан Үкеев, Ақмола облыстық тарихи өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері:

-Бұның құндылығы бұрын соңды бізде кездеспеген. Қорымызда жоқ еді. Алдарыңыздағы реконструкцияға қарағанда кейбір бөліктері ғана бар еді. Енді міне, алқа әшекеймен толығып, кәдімгідей дәлел бола алады.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде