Оралдықтар тағы да ыстық сусыз қалды
Қала тұрғындарын әбігерге салған жайсыз оқиғаға жылу электр орталығының қарызға белшесінен батуы себеп. Алайда, құзырлы мекеме басшылығы барлығына коммуналдық қызметке уақытылы төлем жасамаған тұрғындардың өздері кінәлі дейді.
Автор: Мақсат Мәлік
19.06.2018
Қаладағы тұрғын үйлер бүгін таң ертең ыстық судан ажыратылған. Себебі, жылу электр орталығының газға төлейтін қарызы 560 миллион теңгеге жетіпті. Ал, «Жайықжылуқуат» мекемесі осы қарыздың жартысынан ғана құтылған. Енді амалы құрыған орталық басшылығы жылдар бойы коммуналдық қызметке ақша төлеуден жалтарып келген тұрғындарға үміт артуда. Себебі, солардың қалтасынан шыққан қаржымен «ҚазТрансГазАймақ» алдындағы қарызынан құтылмақ. Бірақ, бұл үміт жақын арада ақтала қоюы екіталай. Өйткені, борышкерлерді соттың шешімімен бір күнге темір торға тоғытса да, олардың қатары әлі сиремеген.
Мейіржан Нұртазиев, Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі:
- Сол борышкерлер бойынша 3 адамды әкімшілік соттың шешімімен қамауға алды. Және қала бойынша борышкерлердің 50 көлігі қамауға алынып, айып тұрағына қойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!