{metadescription}
Қарағандыда гүлге қатысты үлкен дау шықты
Қарағандыда гүлге қатысты үлкен дау шықты

Қарағандыда гүлге қатысты үлкен дау шықты

Қарағандыда саябақтарды басқару бөлімі Голландиядан әкелінетін гүлдерге 120 миллион теңге бөлген. Мұны естіген қоғамдық кеңес мүшелері бюджет қаражатын желге ұшырып жатыр деп қала билігін айтыптады. Ал жалпы Қарағандыны көгалдандыруға биыл жарты миллиард теңге жұмсалмақ. Осыншама қаржы жұмсау – ысырап деген кеңес мүшелері, бұл тұрғыда үнемдеуге де болатынын айтады.

Қала билігі Қарағандыны жасыл желекке орап тастағалы отырғандай. Себебі, абаттандыруға бақандай 500 миллион теңге бөлген. Қазірдің өзінде қала көшелерінде отырғызылған гүлдің 4 түрі пайда болды. Оның көбі шырайгүл. Мұның жерге отырғызылатын түрі қымбат емес және ерекше күтімді қажет етпейді. Ал оның тұғырдағы құмыраға отырғызылатын мына аспалы түрі Голландиядан алдырылған. Тиісінше бағасы қымбат, күтімді де талап етеді. 

Қабдығали Оспанов, Қарағанды қаласы қоғамдың кеңесінің төрағасы:

-Осы гүлді шетелден алдырмай-ақ, неге өзіміз өсірмеске? Ал саябақтар басқармасы жылыжайымыз бен басқа жағдайымыз жоқ деп басын алып қашады. Дегенмен шаруашылықты жүргізу хұқығы бар саябақтарды басқару бөлімінің бұл жұмысты атқаруға мүмкіндігі бар. Тек өздері құнттамайды оны.

Ал шенеуніктер белсенділердікі бос айғай дейді. Өйткені Қарағанды Астана мен Алматыдан кем емес. Оларда бар аспалы шырайгүл мұнда да болуы керек екен. Айтуларныша, бюджет қаржысы желге ұшқан жоқ, әр гүлдің есебі бар. Бірақ оның бір түбіне қанша қаражат жұмсалып жатқанын айтпады.

Рүстем Көдебаев, Қарағанды қаласы саябақтарды басқару бөлімінің басшысы :

-Облыс орталығы болған соң біз де ешкімнен қалыспауымыз керек. Жұмсалған әр тиынға есеп бере аламыз. Ал шырайгүлдің өзін шетелден сатып алу мәселесі дау туғызғаны рас. Сондықтан оны енді өзімізде өсіреміз.   

-Шенеуніктер келесі жылы жылыжайларды реттеп, шырайгүл өсіруді қолға аламыз деп отыр. Дегенмен оның ұрығы бәрібір Голландиядан сатып алынады. Әзірге қала көркін ашып тұрған гүл отырғызылған мына құмыра ғана өзіміздікі екен. Биліктегілер бұл жергілікті зауыттың өнімі екенін мақтан тұтып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.