Ертең елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталады
Биыл 15-ші рет өтейін деп отырған білім сынағына 102 442 мектеп бітіруші қатысады. Ал тест қорытындысын «Телеграм» әлеуметтік желісі арқылы білуге болады. Ол үшін тес орталығымен байланысып, жеке кодын көрсетуі тиіс.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.06.2018
Тестілеу шілденің 1-іне дейін жалғасады. Ал бағын сынайтын түлектердің ішінде қазақ тілінен тапсыратындар саны 77 мыңнан асып жығылады. 25 170 үміткер орыс тілін, 46-сы ағылшын тілін таңдаған. 6780 оқушы «Алтын белгімен», 4915 оқушы үздік аттестатпен бітірген. Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, «Алтын белгі» алғандар бұрынғыдай жинаған бал санына қарамастан грантқа түсе бермейді. Тек бал саны бірдей болған жағдайда ғана басымдыққа ие болмақ. Ал тестілеу өтетін 167 нысанның барлығы дайын тұр. Сонымен қатар, биылғы тест сұрақтарының 50 пайызға жуығы жаңарған.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
-Өйткені, балалар нақты бір ақпаратты жаттап алып айтып беретін, немесе кім қашан туған деген осындай фактілерден біз жәй-жайдан кетуіміз керек. Өйткені, ҰБТ бойынша баланың ойлау қабілетін, баланың талдау жасау қабілетін баланың жалпы компетенциясын, біліктілігін білу үшін осындай тестілеу өткізуіміз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!