{metadescription}
Шудағы апат Қызылордаға бағыт алған пойыз жолаушыларының әбден жүйкесін жұқартты
Шудағы апат Қызылордаға бағыт алған пойыз жолаушыларының әбден жүйкесін жұқартты

Шудағы апат Қызылордаға бағыт алған пойыз жолаушыларының әбден жүйкесін жұқартты

Жамбыл облысындағы апатқа қатысты жол жүру кестесі реттеліп, апат салдары жойылды делінгенімен, кеше түнде 400 жолаушысы бар  «Петропавл-Қызылорда» бағытындағы пойыз айдалада сегіз сағат бойы қаңтарылып тұрған. Түн ортасына дейін көмек күткен халықтың ас-суы таусылып, тіпті жедел-жәрдем шақыртқан. Ал осыны оңтайлы пайдалаған кәсіпкерлер жолда қалған жұртқа азық-түлікті бірнеше есе қымбатқа сатқан.

Өткен түні  400-ден астам жолаушы далада қалған.    Темірдің ішінде жатып қан қысымы көтерілген жолаушылар далаға қарай шыққан. Шудан 60 шақырымдай жерде қаңтарылған пойызды түнделетіп әзер іздеп таптық. Сөйтсе, вагондардың сыртында ғана емес, ішінде де жұрт қиналып жатыр екен.    

-Бұл Петропавлдан Қызылордаға қарай бағыт алған пойыз. Мұнда вагондар Жиделі стансасына кешкі сағат бестен бес кеткенде тоқтаған, міне содан бері қазір сағат 12-ден 45 кетті азаматтар әлі пойыздың ішінде жатыр. Айтуларынша, кейбірін ас-суы жоқ. Бала-шағасымен адамдардың бәрі мүлде қажып кеткен.

Ал жарықтың сөнгеніне бірталай уақыт болыпты. Жығылғанға жұдырық, бөшкелердегі су да таусылып, шөлдеген жолаушылар бір-біріне жалбарынып жүр.      

Ділбар Тоғысбаева, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Біз үлкенбіз шыдаймыз. Мына жерде кішкентай бөпелер бар. Тікенектің ішінде жүрдік. Ана жақта бізді күтіп алатын адамдар күтіп тұр. Күтпеңдер деп жатырмыз.

Темірхан Ханжиев, Астана қаласының тұрғыны:

-Қашан жүреміз біз? Өстіп отыра береміз ба азанға дейін? Болмайды ғой! Тегін мініп келе жатқан жоқпыз ғой? Өз ақымызға мініп келе жатырмыз.

Бұл сұрақ жолсеріктің де әбден жүйкесіне тиген сыңайлы.

Нұрлан Тасболатов, «Петропавл-Қызылорда» жолаушылар пойызының бастығы:

- Көмек келмейді. Хабарлап барлығын инструкция бойынша айтып қойдық.  Халық бәрін біледі. Актысын жаздық. Қанша тұратынымыз әлі белгісіз бізге хабар бермейді.

Көмек тосып жата берген жұрттың денсаулықтары сыр бере бастады. Түн жамылып шыққан бригада да мұнда жолды әрең тауып жетіпті.        

Бота Байқонысова, учаскелік мейірбике:

- Терезелері ашылмайды екен. Содан қан қысымдары көтерілген.

Вагондағы мейрамхана осы сәтті оңтайлы пайдаланып бағасын өсіріп жіберіпті. Абырой болғанда, бұл жағдай ұзаққа созылмады. Араға сегіз сағат салып Қызылордаға қарай бет алған пойыз орнынан қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде