{metadescription}
Тарихи жарлық: Облыс орталығының Түркістанға көшуін шымкенттіктер қалай қабылдады?
Тарихи жарлық: Облыс орталығының Түркістанға көшуін шымкенттіктер қалай қабылдады?

Тарихи жарлық: Облыс орталығының Түркістанға көшуін шымкенттіктер қалай қабылдады?

Қазақстанда бүгіннен бастап жаңа облыс пайда болды! Оңтүстік Қазақстан енді ресми түрде Түркістан облысы деп аталады. Бұл туралы Елбасы жарлыққа қол қойып, жаңа облыс орталығын Түркістанға ауыстырды. Ал, миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент –енді үшінші дербес шаһар статусын иемденді.

Облыс орталығының Түркістанға ауысарын және Шымкенттің дербес қала атанарын тұрғындар күтіп-ақ жүрген. Тек, шындығын айту керек мұншалықты жылдам болар деп ешкім ойлаған жоқ.  Алайда, Елбасы бүгін түс қайта Оңтүстік Қазақстан облысының атауын Түркістан облысы деп өзгерту туралы тарихи жарлыққа қол қойды. Иісі қазақ үшін қасиетті ұғым Түркістан атауын тұтас өңірге қойылуы да тегін емес. Ғасырлар бойы алты алаштың рухани әрі саяси ордасы болған Түркістан қаласының өзі енді жаңа өңірдің орталығы болмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының  Президенті:

-Бұдан- былай бұл өңір Түркістан облысы деп аталатын болады. Бұл әкімшілік аумақтық құрылымға өзгеріс енгізу арқылы осы өңірдің өркендеуіне тың серпін беруді көздеген тарихи құжат боп саналады. Оңтүстік Қазақстан еліміздегі экономикалық, көлік-логистикалық, демографиялық әлеуеті зор аймақ.  Ал, облыс орталығы Түркістан қаласына көшіріледі. Қазақ хандығының ордасы болған әрі рухани тағылымы мол тарихи мекен. 20-шы  ғасырдың басында қазақтың біртуар азаматтарының ел мүддесі үшін жүргізілген күресі де Түркістан атауымен тығыз байланысты болғанын білеміз.    

Ал, осыған дейін Оңтүстік Қазақстанның әкімшілік орталығы болған Шымкент енді еліміздегі республикалық маңызы бар ресми үшінші қала атанды. Мегаполистің автокөліктеріне берілетін мемлекеттік нөмірі де өзгерді. Бұған дейінгі 13 нөмірінің орнына енді Шымкент қаласы 17-ші аймақ аталатын болды. Күнгейдегі кәсіпорындардың 60 пайызы шоғырланған алып шаһар енді қарқынды дамып, бүкіл аймақтың локомотивіне айналуы қажет. Ал, үкімет пен өзге де мемлекеттік органдар бір ай мерзімде Жарлықты іске асыру жөнінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзірлеп бекітуі тиіс. Әзірге Шымкентте отырған облыстық мекемелер енді Түркістаннан орын даярлап, көшуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде