Оңтүстіктен солтүстікке көшіп барғандар баспанадан тарығуы мүмкін
Биыл еліміздің оңтүстік өңірлерінен Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударатындар саны былтырғыға қарағанда 7 есеге артпақ. Шенділер осыған орай аймақта баспана мәселесі ушығатынын ашық айтып отыр. Оларға арнап жаңа үйлер салу тек алдағы жылға ғана жоспарланыпты.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
20.06.2018
Статистикаға сүйенсек, былтыр Қостанай, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында халық саны 18 мыңға кеміген. Ал осы өңірлерге оңтүстіктен қоныс аударатындар санының квотасын үкімет биыл екі есе арттырғанымен, адам саны 10 мыңға да толмапты. Бұл - қабылданған бағдарлама әлі де теріскейдің демографиялық мәселесін толық шешпей отыр деген сөз. Былтыр теріскейге 100 –ден астам отбасы қоныстанған еді. Ал биыл Қызылжар жеріне 700 отбасы көшіп келуге ниет білдіріпті. Бұған дейін ауыл мектептерін сақтап қалу үшін шенділер оларды болашағы жоқ елді мекендерге жайғастыратын. Биылдан бастап ұлы көш әлеуметтік мәдени нысандары бар орталық ауылдарға орналастырылатын болды. Осыған орай , сол жерлерде баспана тапшылығы туындайды дейді шенеуніктер.
Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
- Сондықтан жаңа үйлер салатын боламыз. Орталықтың осындай келісімі бар. Сондықтан бұл жұмыстарға біз биылдан кірісіп отырмыз. 2020 жылы біраз жаңа үйлер салатын боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!