{metadescription}
Елімізде салығын уақытылы төлемегендер шетелге шығарылмайды
Елімізде салығын уақытылы төлемегендер шетелге шығарылмайды

Елімізде салығын уақытылы төлемегендер шетелге шығарылмайды

Салық төлемесеңіз, шетелге жол жабық. Енді мемлекетке берешегіңіз 50 мыңнан асса, шекара аса алмайсыз. Елімізде салықтан жалтарған 4 мыңнан астам борышкер қара тізімге ілінді. Әділет басқармасы қарыз төлеуді «ұмытып» кететіндер үшін әуежайларға төлем жасайтын терминалдар да орнатып жатыр. Соған қарамастан, мемлекетке тиісті төлем жасамаған адамдардың саны 1 жарым миллионға жеткен.

Алматылық Нұрлығазы Алтыбаев салықтың кесірінен саяхаты күл-талқан болған азаматтардың бірі. Грекияға барып-қайтар ұшақ билетін сатып алып, әуежайға келгенде оны «өтелмеген салығың бар» деп шетелге шығармай қойыпты. Борышын сол сәтте төлей алмай сабылған Нұрлығазы ұшақ билеті мен туристік жолдамасының күйіп кетті деп налиды.

Нұрлығазы АЛТЫБАЕВ Алматы қаласының тұрғыны:

-Мен жыл сайын төлеп тұратынмын салықтарды уақытылы.Маған ешкім ескерткен жоқ. Ал, төлей салайын десем терминал жоқ. Салықтан  60 мың теңге төлемегенімді білдім. Алпыс мыңға бола шетелге бара алмай қаламын деп ойлаған жоқпын.   

Бұдан былай берешегі 50 мыңнан асқан борышкер шекара аса алмайды.

Осы жылы мұндай шектеу Әділет министрлігінің қара тізіміне енген 4 мыңнан астам адамға қойылды. Ал, Республика бойынша тиісті төлемдерді уақытылы өтемегендердің саны 1 жарым миллионға жетіпті. Олар мемлекет қазынасына 30 миллиард теңге берешек.

Сондықтан жауаптылар салық төлеуді «ұмытып» кететіндер үшін әуежайларға терминалдар орнатқан. Оған тек алимент бойынша қарызы бар адамдар ғана төлем жасай алмайды.

Берікбол СӘМЕНОВ Алматы қаласы Әділет басқармасы басшының орынбасары:

-Қазақстанда Алматы, Шымкент, Қарағанды, Астана қалаларындағы әуежайларға терминалдар қойылды. Әр адам ұшардың алында салығы барын білген жағдайда, сол терминалдан төлейді. Сол жерде бірыңғай борышкерлік тізімнен алынады, шектеуі де тоқтайды.

Биылғы жылдан бастап жаңа салық кодексі қолданысқа енді. Бұдан былай салықшыларға қарыздан жалтарғандарды жаппай жазалауға мүмкіндік беріп отыр.Сондықтан сот үкіміне селсоқ қарайтындар соңында бармақ тістеп қалуы мүмкін.

Алмас ЖАНДАРБЕКОВ Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім  басшысы:

-Жаңа өзгерістерге сәйкес, біз енді сотқа жібермей, өзіміз салық бұйрықтарын шығарамыз. Ескертеміз. Отыз күн күтеміз. Сосын сот орындаушыларға жібереміз.Ал, сот орындаушыларының өзіндік пайыздары бар.Оларға 25 пайыз қосып төлейсің. Сондай-ақ, түрлі шектеулер қояды.

Елімізде халық көбінесе мүлік, жер, көлік салықтарын төлеуге асықпайды екен. Сондықтан өз жауапсыздығынан опық жейді. Жауаптылар демалысқа шықпас бұрын қарызының бар жоғын анықтап алуға кеңес берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.