Байқоңыр тұрғындарын отандық дәрігерлер емдейтін болды
Қазақстан мен Ресей арасындағы медициналық қызметке қатысты келісімді бүгін Мәжіліс бекітіп берді.
Автор: Жәудір Оразхан
20.06.2018
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Ресей федерациясымен келісіп, өзіміздің аурухана және емхана саламыз. Осы келісім біздің азаматтарға өзіміздің емханада және ауруханада емделуге мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау сақтандыру қорынан өзіміздің тариф бойынша төлейтін боламыз.
Байқоңыр жалға берілгендіктен, қала тұрғындары бүгінге дейін Ресей ауруханаларында емделіп жүрді. Ал көрші елдің медициналық қызметінің құны бізбен салыстырғанда екі есе қымбат. Оған жұмсалған артық ақшаны қазақ Үкіметі төлеп келген. Оның үстіне ресейлік мекемелерде жұмыс істемейтін азаматтарымызға тегін дәрі алу, медициналық көмек көрсету, диагностика жасау өте қиын еді. Енді Денсаулық сақтау минситрлігі Байқоңыр мен Ақай, Төретам тұрғындарына арнап ауруханалар ашпақ. Қазірдің өзінде 30 мың адамға арналған жаңа емхана іске қосылыпты. Байқоңырға тәжірибелі дәрігерлерді жұмысқа шақырып жатырмыз дейді министр. Бірақ шұғыл жәрдем керек болған жағдайда отандастарымыздың ресейлік ауруханаларға да қаралуына болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!