{metadescription}
ҰБТ сұрақтары интернетте тарап кетті
ҰБТ сұрақтары интернетте тарап кетті

ҰБТ сұрақтары интернетте тарап кетті

ҰБТ-ның сұрақтары жария болып кеткен. Бүкіл аудиториялар интернет желісін өшіретін құрылғылармен жабдықталды десе де, тестілеудің бірінші күнінен бастап-ақ пән сұрақтары интернетте қаптап жүрді. Десе де, ол түлектердің көбіне көмектесіп жатқан жоқ. Өйткені алғашқы күннің қорытындысы бойынша, елімізде екі мыңнан аса түлек университетке түсетін  балды  да жинай алмай, тестілеуден сүрінген. Әрі кеше ең жоғары 140 балды ешкім ала алмады.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, елімізде ҰБТ өтетін мыңнан астам аудитория 100 пайыз 4G желісін өшіретін арнайы құрылғылармен жабдықталған. Алайда мына суреттердің әлеуметтік желіге қалай тарап кеткенін ешкім білмейді. Онда сынақ сауалдарының сұрақтары жазылыпты. Ал бүгін тест тапсырғандар олардың жауабын біліп алған.

Ілияс Сайлаубаев, талапкер:

-Кеше бірінші топ тапсырып болған соң интернетке шыға бастады осы сұрақтар. Соны қарадым. Соны шығарып, жаттап, сол сұрақтардың кейбірі келді. Сол арқылы білген сұрақтарымды белгіледім.

Мұндай жағдайдың болғанын ұлттық тестілеу орталығының басшысы мойындап отыр. Ал кеше тестілеуде денсаулығы сыр беріп, есінен танып қалғандар да кездесті. Бірі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында. Ол сәлден соң жағдайы түзеліп, тестін қайта жалғастырыпты. Ал екіншісі Алматыда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Оған енді екінші қайтара тапсыруға мүмкіндік берілді.

-Жалпы, бірінші күннің қорытындысы бойынша 14 мың түлек сынақтан өткен.  Ең жоғарғы бал 137. Ал 2100 талапкер ең төменгі 50 балдық межеден аса алмады. Олар енді тамыз айында екінші қайтара тапсыра алады. Одан да өте алмаса, үшінші мүмкіндік бар.

Рамазан Әлімқұлов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

-Тамыз айында тапсырып, өкінішке орай өтпей қалса, қыркүйекте жоғары оқу орнына айта кету керек, ақылы түрде оқуға түсуге болады бәр семестрге, шартты түрде дейді ғой, сөйтіп алады. Бір семестрден кейін, қаңтар айында келер жылы үшінші рет тапсыратын мүмкіншілігі бар.

Былтыр 30 мыңға жуық талапкер осылай қайта тапсырып, жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алыпты.

-Әзірге біреудің орнына біреу кіріп тест тапсырған дерек тіркелген жоқ. Әйтсе де ҰБТ-ның бірінші күні қызықты жәйттардан кенде болмады. Астанада бір талапкер қуыс-қолтығына 10 ұялы телефон тығып алған. Бірақ, онысы ішке кірерде әшкере болыпты. Ал әлгі тест сұрақтарын интернетте жариялаған кінәлі адамды анықтау үшін Ұлттық тестілеу орталығы өз ішінде қызметтік тексерісті бастап кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде