{metadescription}
Алматыда Адиля Норузованың тұңғыш кітабы жарық көрді
Алматыда Адиля Норузованың тұңғыш кітабы жарық көрді

Алматыда Адиля Норузованың тұңғыш кітабы жарық көрді

Алматыда әріптесіміз, журналист Адиля Норузованың тұңғыш кітабы жарық көрді.  «Мы уже не дети» деп аталатын психологиялық танымдық сипатта жазылған туынды жастар аудиториясына қызық болуы тиіс.

Оқиға желісі жасөспірім Лия есімді қыз төңірегінде өрбиді. Қатарластарынан теперіш көрген жеткіншектің тағдыры арқылы қоғамдағы қатыгездікті автор шебер көрсете білген.  Арнамызда 12 жылдан астам уақыт қызмет етіп келген бағдарламалар бөлімінің аға редакторы Адиля Норузова, жобалар мен репортаждардан қолы босағанда осы кітабын жазуға отыратынын айтады. Осылайша тырнақалды туындысына 5 жылын сарп еткен.  Мың данамен таралған кітап, енді қаламыздың дүкендерінде сатылымда.

Адиля Норузова, кітаптың авторы:

-Осындай кітап жазу жаңалықтар бөлімінде жұмыс істеп жүргенімде ойыма келген. Қоғамдағы сан түрлі келеңсіздік бұл туындыны жазуыма негіз болды. Алайда тек қолым босаған уақытта жазып жүрдім. Негізі 5 жыл бұрын бастағанмын. Жаңа туындым жас буынға ой салады деген үміттемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде