Қазақстандық дәрігерлер шетелдік әріптестеріне ота жасауды үйретіп жатыр
Астаналық ақ халаттылардан білім алуға Грузия, Өзбекстан және Қырғызстаннан мамандар келген. Ал, шеберлік сағаты Президент іс-басқармасы медициналық орталығында өткізіліп жатыр.
Автор: Досжан Маратұлы
22.06.2018
Онда отандық дәрігерлер миға тамыр жалғау операциясының қалай жасалатынын көрсетуде. Өте күрделі болып саналатын ота тек микроскоптың көмегімен істеледі. Өйткені диаметрі небары бір миллиметр болатын тамырды жалғау шеберлікті қажет етеді. Ал мұндай операция негізінен инсульт алған немесе қояншық және Паркинсон дертімен ауыратындарға жасалады. Ота сәтті балса, дерттің беті қайтады екен.
Әзірге шетелдік дәрігерлер оны тауық етіне жасап, үйреніп жатыр.
АЗАТ ШПЕКОВ, НЕЙРОХИРУРГ-ДӘРІГЕР:
-Олар арнайы модельде жануардың бір миллиметр тамырын екінші тамырға жалғауды үйренуде. Әрі біз ота бөлімінен тікелей трансляция жасадық. Ертең тағы да болады. Сөйтіп, операцияны тірідей бақылау арқылы білімдерін арттыра алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!