Бурабайда демалушылардың қауіпсіздігін атты полиция қадағалайтын болады
Қазақстан полициясы күні қарсаңында курортты аймақта кавалер взводы ашылды. Осы күні аудандық ішкі істер бөлімі соңғы үлгіде салынған жаңа ғимаратқа көшті. 100 полицей пәтер кілтін алып, 20 участке инспекторы қызметтік көлікке ие болды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
22.06.2018
Ауыздығымен алысып, әбден жаратылған 30 сәйгүлік кавалерлік взводта тәртіп сақшыларымен бірге қызмет ететін болады. Арнайы салынған кешенде ат қорамен бірге жануарларды жаттықтыратын орын да қарастырылған. Жаңа үлгіде салынған Бурабай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері үшін де жан жақты мүмкіндік қарастырылыпты. 2 бірдей спорт залы, тир, көлік тұрағына дейін бар.Уақытша қамау абақтысы да су жаңа. Кинологтар иттерді де енді осында жаттықтыра алады. Сондай-ақ 20 қызметтік көлік участке инспекторларына таратылды. Сондай ақ, кәсіби мерекелері қарсаңында 100 полицей қызметтік пәтер кілтін алды.
Жанбота Бабылов, Бурабай аудандық ІІБ аға сержанты:
- Ішкі істер органында 15 жылға жуық қызмет атқарып жатырмыз. Осы күнге дейін пәтерден пәтер жалдап жүргенбіз. Бүгін міне,қуанышымызда шек жоқ. 2 балам бар,Алла жазса 3-ші бала болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!