{metadescription}
Майдан даласында оққа ұшқан сарбаз 75 жылдан кейін жерленбек
Майдан даласында оққа ұшқан сарбаз 75 жылдан кейін жерленбек

Майдан даласында оққа ұшқан сарбаз 75 жылдан кейін жерленбек

Ұлы отан соғысы кезінде қаза тапқан атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне жеткізілді. Майданға қазіргі Құрманғазы ауданынан 21 жасында аттанған Құспанғали Боранбаевтың қаңқасын бірлесіп жұмыс жасаған қазақстандық және ресейлік іздестіру топтары Новгород қаласының маңынан тауыпты.

Сүйегінің белгілі бір бөлігі ғана аман сақталған сарбаздың қасынан өзінің аты-жөні ойылып жазылған қасық пен капсула шыққан. Мұрағат құжаттарында Құспанғали Боранбаевтың1922  жылы дүниеге келіп, әскерге 1941 жылы алынғандығы және оның 28-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқандығы айтылған. 1943 жылы Новгород облысының Парфинский ауданы маңында ерлікпен қаза тапқан сарбазға бүгін жерлестері құрмет көрсетті. Қаладағы жеңіс саябағында салтанатты шара ұйымдастырылып, сарбаздың сүйегі туыстарына табысталды.

Зылиха Дүйсекенова, Қ.Боранбаевтың туысы:

-Менің әкемнің әкесінің туған інісі. Енді біздің міндетіміз әрі қарай туған жеріне, өзінің бауырларының қасына осы сүйекті апару, сол жақта қазақша салтпен барлық дәстүрлерін ұйымдастыру.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде