Денсаулық сақтау министрлігі медициналық карталарды алып тастады
Бұдан былай медициналық карта деген болмайды. Денсаулық сақтау министрлігі оның бәрін электрондық форматқа ауыстырып жатыр. Бірақ бұл жаңалық мемлекеттік медициналық мекемелерге қатысты.
Автор: Ербол Тұрымбет
22.06.2018
Пилоттық жоба қазірдің өзінде еліміздің 8 өңірінде іске асып жатыр. Қалған облыстар мен Астана, Алматы қалаларындағы емханалар мен стационарлар бірінші шілдеден бастап жаңа жүйеге ауысады. Яғни, дәрігерлер құшақ-құшақ қағаз арқалап жүрмейді. Емделушілерді тіркеуге алу тек компьютер арқылы жүргізіледі. Жалпы, елімізде мемлекеттік тапсырыс орындайтын 900 медициналық ұйым бар екен. Соның 35 пайызы жекенің қолында.
Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
-Тегін мемлекеттік медициналық көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдар тіркеу мен науқасты қарау шараларын тек ақпараттық жүйе арқылы жүргізетін болады. Емделушілерге амбулаториялық картасы мен флюрографиялық суретін алып жүрудің қажеті жоқ. Жеке құжаты болса жеткілікті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!