Елімізде менингококтық инфекцияға қарсы балабақшалар жаппай тексерілуі мүмкін
Ештен кеш жақсы. Келер жылдан бастап енді балабақшадағы бүлдіршіндер де менингококтық инфекцияны анықтау мақсатында алдын-ала тексерілуі мүмкін. Алматыдағы Ұлттық сараптама орталығы қоғамдық денсаулықты сақтау департаментіне осындай ұсыныс жасады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
22.06.2018
Зертхана сынама алған мыңнан астам адамның арасында кішкентай балалалар болмағандықтан, жұқпалы дерт туралы ешқандай күдік тумаған. Сондықтан соңғы айларда меңдеген менингиттен сақтану шарасы кеш басталды. Ұлттық сараптама орталығының айтуынша, зерттеу жоспарын қоғамдық денсаулық сақтау департаменті дайындап, бекітеді. Айта кетейік, осыған дейін департамент сараптама орталығының салғырттығынан, нөлдік есеп тапсырғандықтан қолды мезгілінен кеш сермедік деп еді.
Тілеубек Құрманхалықов, Алматы қаласы Ұлттық сараптама орталығы директорының орынбасары:
-Менингококк ауруына эпидемиологиялық қадағалау жүргізген кезде Алматы қаласы қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті өз тарапынан ескеруі қажет еді. Адам көп, топтасқан жерлердің бәрін кіргізген жөн деп есептеймін. Тексеруден өтсе дұрыс болар еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!