{metadescription}
Астанада халықаралық жарыстан шеттетілген спортшылар өкпесін айтты
Астанада халықаралық жарыстан шеттетілген спортшылар өкпесін айтты

Астанада халықаралық жарыстан шеттетілген спортшылар өкпесін айтты

Бірінші орын алса да, Азия біріншілігіне бара алмай қалды! Астанада бір топ ескекші бас бапкердің спортшыларды алалайтынын  шу шығарды. Наразы қыз жігіттердің айтуынша барлығы республикалық қайық жарысында алтын медальдарды иеленген екен. Бірақ, жаттықтырушы дүниежүзілік  байрақты бәсекеге өзінің шәкірттерін ғана алып кетті деп өкпелі.

Медальдарын сыңғырлатып шығарып жатқан Мария мен Галина. 18 жастағы қыздар академиялық ескек есу спортынан еліміз бойынша жастар арасындағы чемпиондар. Бір командадағы ескекшілер соңғы рет Шымкентте өткен Қазақстан біріншілігінде алтын алды. Бірақ, бұған қарамастан қос спортшы Азия чемпионатынан шеттетіліп қалған.

МАРИЯ ЧЕРНЕЦ :

- Біз бірінші орын алғанда қатты қуанып едік. Өйткені, бір ай бұрын  Шымкентте өткен жарыста кім жеңеді, сол Кореяға ел намысын қорғауға барады деп айтылған. Бірақ, бапкерлер бізді емес, төмен нәтиже көрсетіп, төртінші орын алған ескекшілерді алып кетті. Өте өкінішті.

Өзегін өкініш өртеген тек бұлар емес. Өзге астаналық төрт жігіт те, республикалық қайық жарысында 1-2-орындарды еншілеген. Бірақ, олар да Кореяға бармай қалды. Осылайша ұл-қыздарының жолын бөгеген бас бапкерлерге ата-аналар да ашулы. Айтуларынша, оның Азия чемпионатына тек теміртаулық спортшыларды алып кетуі бекер емес. 

ЛЮДМИЛА ВОШКОВСКАЯ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-Ескек есу спортының негізгі базасы Теміртау қаласында орналасқан. Сол үшін жаттықтырушылар, Кореяға тек өздерінің шәкірттерін алып кетті. Бірақ, олар  Қазақстанның өзінде 4-5-орын алғанын ескерсек, шетелде ел намысын қалай қорғайды?

Оның үстіне астаналық ескекшілер халықаралық жарыстан аластатылып қана қоймай, жөнді жаттығудан да қағылған. Өйткені, Есіл өзенінде жаңа көпір салынып жатыр. Әрі онда әрлі-берлі қала қонақтарын қыдыртатын кемемен жүреді. Сондықтан жауапты федерация, спортшылардың жаттығу уақытын қысқартып тастапты.

-Сондықтан спортшылар көбірек жаттығу үшін Астана су арнасына  келуге мәжбүр. Бірақ, мұнда да жағдай оңып тұрған жоқ.  Өзеннің ені қысқа, ұзындығы да небары 750 метр. Бұл жеткіліксіз. Өйткені, ескекшілер жаттығуы үшін өзен түзу әрі  кемі екі шақырым болуы тиіс.  

Ал, ескекшілерді  жарыстан шеттетті деген теміртаулық жатықтырушылар болса, ешкімді алалап жатқан жоқпыз дейді. Айтуларынша, шағымданған қыздар былтыр Азияға барған екен. Бірақ, соңғы орын алып, ұлттық құрамадан шығып қалған. Сондықтан биыл басқаларды апару туралы шешім шығыпты.

АЛЕКСАНДР УСАЧЕВ, ЕСКЕК ЕСУ СПОРТЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

-Биыл кореяға бес ескекші кетті. Екеуі астаналық. Мұны шағымданған спортшылардың бапкері жақсы біледі. Меніңше шудың бәрін шығарып отырған сол жаттықтырушы. Кезінде ол допингпен ұсталып ұятқа қалған.

Ал, Азия чемпионатының өзі төрт күннен соң басталады. Дауға қалған бас бапкер мен ескекшілеріміз қазір Кореяда жүр. Ал, олардың олжалы оралатынына шағымданушы тарап күмәнмен қарап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.