{metadescription}
Шуда жолаушылар пойызының аударылуына сапасыз салынған жол себеп болуы мүмкін
Шуда жолаушылар пойызының аударылуына сапасыз салынған жол себеп болуы мүмкін

Шуда жолаушылар пойызының аударылуына сапасыз салынған жол себеп болуы мүмкін

Ақсаған сапа опындырған опатқа себеп пе? Инвестициялар және даму министрі Шу станциясы маңында жолаушылар пойызының аударылуына түрткі болған басты жайт жолдың жағдайы болуы мүмкін екенін айтты.

Көктемде жөндеу жүргізілгенмен, сапа оңалмаған сыңайлы. О баста көпшілік бұл пойыз қиылысқан жолдағы жүк пойызына соғылды деп шулаған еді. Бірақ Жеңіс Қасымбек бұл нұсқа ешқандай шындыққа жанаспайды дейді. Бір адамның өмірін жалмап, талайды жарақаттаған апатқа кім кінәлі екенін алдағы апталарда комиссия айтуы тиіс. 17 маусымда Жамбыл облысында үш вагон рельстен шығып кеткен еді. Салдарынан 12 жасар бала көз жұмып, 14 азамат зардап шекті.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

-Қыстан кейін сол күндері түнгі температура, күндізгі температура қатты өзгерілді. Сондықтан осындай мәселелер бар. Сосын тексерген, бұрын тексерген комиссияларға сұрақ бар. Енді біздің комиссия жұмыстарын 2-3 аптаның ішінде бітіреді. Нақты мәліметті береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.