Қазақстан мұнай өндіру көлемін азайтпайды
ОПЕК ұйымына мүше елдердің келісіміне қарамастан, қара алтын өндіру қарқыны қазіргідей қала бермек.
Автор: Досжан Маратұлы
26.06.2018
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
-Қазір біз тәулігіне 1 миллион 800 мың тонна баррель мұнай аламыз. Бұл ОПЕК енгізген шектеумен бірдей. Сондықтан Қазақстан өндірісті азайтпайды. Жылдың соңына дейін осы деңгейде қалады.
Негізі мұнай экспорттаушы елдер бұған дейін өндірісті қысқарту туралы кезекті келісімге келген болатын. Бұл қара алтынның құнын өсіріп, нарықта тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Бірақ мұнайдың құны әзірге бірқалыпты. Барреліне 75 доллар. Кейбір сарапшылар енді оның бағасы аспандайтынын болжап отыр. Бұл экономикасы шикізатқа тәуелді Қазақстан сияқты елдер үшін тиімді, әрине.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!