Құлдыраған теңгенің нығаюы уақытша құбылыс па?
Құлдыраған теңгенің беті бері қарай бастады. Қазақстан қор биржасындағы бүгінгі саудаға сәйкес 1 АҚШ доллары 338 теңге 84 тиынға тең. Ал бұған дейін күн санап өскен ұлттық валютамыз соңғы бір айдың ішінде 12 теңгеге құнсызданып шыға келген еді.
Автор: Мақсат Мәлік
26.06.2018
Таңғы сатылымда Америка валютасының төменгі шегі 338 теңге 45 тиыннан көрінсе, ең жоғарғы көрсеткіш 339-ға жуықтаған болатын. Ал, ақша айырбастау пунктерінде АҚШ доллары 339-340 теңгеден сатылды. Айта кетейік, соңғы уақыттарда теңге жиі әлсіреп, 1 доллар құны 342 теңгеге дейін өскені еді. Тіпті, Ұлттық банк өкілдеріне дүрліккен жұртқа басу айтуға тура келген. Бірақ сан құбылған теңге бағамының қайта шарықтамауына кепілдік беру қиын дейді сарапшылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!