{metadescription}
Қызылордада тест үстінде тікелей эфирге шыққан түлек елді шулатты
Қызылордада тест үстінде тікелей эфирге шыққан түлек елді шулатты

Қызылордада тест үстінде тікелей эфирге шыққан түлек елді шулатты

Қызылордада ұлттық бірыңғай тест кезінде ұялы телефонымен тікелей эфирге шыққан қыздың видеосы әлеуметтік желіні шулатты. 

Ғаламторға тарап кеткен бейнежазбада талапкердің сұраққа жауап таппай қиналып жатқан құрдастарын түсіріп отырғаны анық көрінеді. Бетперде киіп алған өзін де көрсетуді ұмытпаған.  Ал телефонды аудиторияда емін-еркін қолданып отырған түлекке қой дейтін тексеруші байқалмайды. Білім басқармасындағылар үшін бұл қалыпты жағдайға ұқсайды. Тәртіп бұзған қызға ешқандай шара қолданылмайды дейді.

БАҒДАТ БЕРДӘУЛЕТ, Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

-Бала шығармашылық емтихан тапсырған. Қолы бос болған. Кезек күтіп, емтихан материалдарын өткізуге кезек күтіп отырған кезде түсірілген жағдай. Енді бала ереже талаптарын бұзып отыр. Телефонды алып кірген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде