{metadescription}
Жәудір Оразхан «Парламент сөзі» сыйлығын жеңіп алды
Жәудір Оразхан «Парламент сөзі» сыйлығын жеңіп алды

Жәудір Оразхан «Парламент сөзі» сыйлығын жеңіп алды

КТК-үздіктер қатарында! Астаналық тілшіміз Жәудір Оразхан Мәжілістің «Парламент сөзі» сыйлығын жеңіп алды. Айтулы марапат бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында беріліп отыр.

Парламенттің сыйлығына ие болған тілшіміз ұзақ жылдар бойы заң шығарушы органнан хабар таратып жүр. Сондықтан тілшілердің еңбегін  елеген халық қалаулылары кәсіби мереке қарсаңында байқау жариялаған болатын. Сайыс 6 номинация бойынша өтті.  Ол үздік телевизиялық, басылымдық, интернет және радио мен фото-видео материал. Ал, жеңімпаздарды анықтау депутаттар үшін қиынға соғыпты. Өйткені, бірінен-бірі озатын 100-ден астам материал түскен. Сөйтіп, «Арнайы репортаж» аталымы бойынша озық шыққан тілшіміз Жәудір Оразханға арнайы мүсінше табысталды.

ЖӘУДІР ОРАЗХАН, ТІЛШІ:

-Еңбегіміздің еленгеніне қуаныштымыз. Және осы марапаттың артында бүкіл ұйымшыл ұжым тұр. Сондықтан бұл менің ғана емес, біздің оператор, редакторлардың да еңбегі, жемісі деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде