{metadescription}
Астрахан жұрты Астананың сәулетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды
Астрахан жұрты Астананың сәулетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды

Астрахан жұрты Астананың сәулетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды

Ресей жерінде «Астана – Ұлы Дала жауһары» атты фотокөрме өтіп жатыр. Елордамыздың 20 жылдығына арналған шараны Қазақстанның Астрахандағы консулдығының қолдауымен Тұңғыш Президент Қоры ұйымдастырған.

Ұйымдастырушылар көрме өтетін орынды ерекше талғаммен таңдапты. Астананың зәулім ғимараттары бейнеленген фотолар Астрахандағы этникалық қазақтардың  тарихынан сыр шертетін экспонаттардың жанынан орын алған. Яғни келушілер

халқымыздың өткені мен бүгінін көріп, салыстыра алады.

Әлия Қайшарова, ҚР Тұңғыш Президенті қоры атқарушы директорының кеңесшісі:

-Астанамыз 20 жылдық тойына осындай көрме жасап отырмыз. Көрсін,білсін танысын деген ойдан туындаған шара. Осындай заманда , аз уақыт ішінде  Астанамыз үлкен дәрежеге жеткенін танытайық дедік.

Қонақтарды,  әсіресе, Астананың символына   айналған «Бәйтерек» аса қызықтырды.  Әлемдегі ең әдемі президент сарайының  ондығына  кірген «Ақ Орданы» да жұрт айналшақтап шыға алмай жүр. Жалпы, фотокөрмеге келушілер Астанадағы  ғимараттардың  60-тан астам фотосуреттерімен таныса алады.

Елена Забирник, Астрахандағы  мәдениет және білім  орталығының жетекшісі:

-Бәрінен бұрынмынаған таң қалдық: суреттерге қарасаңыз, қазақ халқы   көне мәдениеті мен заманауи құрылысты, инновацияны үйлестіргенін байқайсыз. Бұл өте сирек кездесметін керемет көрініс.

Астрахандықтар Астананың көрікті жерлерін екі апта тамашалайды. Кейін көрме Казань, Лондон, Берлин, Париж және Бейжіңқалаларында жалғасады. Айта кету керек, фотокөрме Астрахань қаласындағы Тұңғыш Президенті Қорының күндері аясында өтуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде