{metadescription}
Сапарбаев тау боп үйілген күл-қоқыс үшін тұрғындардан ұялатынын айтты
Сапарбаев тау боп үйілген күл-қоқыс үшін тұрғындардан ұялатынын айтты

Сапарбаев тау боп үйілген күл-қоқыс үшін тұрғындардан ұялатынын айтты

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сарапбаев қаланың қоқысқа көмілгеніне күйініп отыр. Қарамағындағыларды жинап алып, қала басшысынан бастап дымын қалдырмады.

Қала тазалығы мен жолдың жайына қатысты есеп беруі тиіс Ақтөбе әкімі Ілияс Испанов салқын залда баяндамасын бастамай жатып сасқалақтап, терлеген маңдайын сүртумен болды. Есебіне көңілі толмаған бастығы да сөзін бөліп, түк бітірмей отырғанын бетіне басты. Әсіресе, қала көшелерінде үйілген қоқысқа қатысты айтқанда Сапарбаев ашуға ерік берді. Өйткені, ел бойынша Ақтөбе облыс орталықтары арасында ең лас қала атанған. Үш ай бұрын қалада қоқыс жинаумен айналысқан бір компанияны әкімдіктегілер таратып, екіншісі қызмет көрсетуден бас тартқан еді. Олардың орнына он фирмаға қоқыс жинауды жүктеді. Ал олардың не жөнді техникасы, не жұмысшылары болмай шықты. Соның кесерінен аулаларда қалдықтар шашылып жатыр.

-Просто если честно сказать, акиму города, мне как руководителю региона стыдно перед горожанами, мне стыдно когда в социальных сетях пишут. Теперь я каждый день начал смотреть где мусор, что мне надо мусором заниматься что ли? Или экономикой области заниматься?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде