Түркістан облысында парамен ұсталған кеденшінің бастығы отставкаға кетті
Орынбасарының кесірінен кетіп тынды. Түркістан облысының мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы Алтынсары Үмбеталиев, орынбасары жемқорлықпен ұсталған соң, өз еркімен отставкаға кетуді жөн деп шешіпті.
Автор: Бек Әбиев
27.06.2018
Мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам істеген оның орынбасары Нұржан Теңлібаев осы айдың басында 400 миллион теңге пара алғаны үшін ұсталған болатын. Өзіне бағынышты бірнеше кеден бекеттерінің басшылары арқылы кәсіпкерлерден қомақты пара алып отырғаны үшін қолға түскен оның үйінің фото-видеосы әлеуметтік желілерге тарап, елдің жағасын ұстатқан еді. Араға үш апта салып, енді оның тікелей басшысы қызметімен қош айтысып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!