Мәжілістің соңғы отырысы өтті
Бұл кезеңде бас көтермей жұмыс істедік деген депутаттар 10 айда қаралған мәселелер мен қабылданған заң жобаларын қысқа қорытындылады.
Автор: Жәудір Оразхан
27.06.2018
Халық қалаулылары демалыс алдындағы жиынды ұзаққа созған жоқ. Бір жарым сағатта 4 заңды қарап, депутаттық сауал жолдап та үлгерді. Сонымен, бұл сессияда Мәжіліске 128 заң жобасы түскен. Төменгі палата 91 құжатты мақұлдап, Сенатқа жіберіпті. Сессияның жұмысы аяқталғанымен, мәжілісмендер бірден демалысқа шықпайды. Алдымен аймақтарды аралауы тиіс. Ал алдағы жұма күні Парламенттің қос палатасы Үкімет мүшелерін шақырып, бірлескен отырыс өткізеді. Депутаттар сол жиында он айлық жұмыстарын кеңінен қорытындыламақ.
Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:
- Бұл жолы да көптеген заңдар қабылданды. Көптеген парламенттік шаралар өтті. Осының бәрі депуттық корпустың Үкімет пен тиісті мемлекеттік органмен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесі деуге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!