Мәжіліс депутаты елдегі артық ақшаны алтынға айналдыруды талап етті
Азат Перуашевтың айтуынша, қаржы жүйесінде тұрақтылықты сақтау үшін алтын қорын барынша арттыру керек.
Автор: Жәудір Оразхан
27.06.2018
Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:
-Қазақстанның алтын-валюталық қорын қорғаудың жаңа әдісін бекіту керек. Бұл жерде геосаяси, макроэкономикалық тәуекелдерді ескеру қажет. Сондай-ақ, валюта портфелін диверсификациялауды жалғастырып, жалғыз валютамен шектелуді доғаруға тиіспіз.
Қазір еліміздің Ұлттық банк пен Ұлттық қордағы алтын валюта қоры 90 миллиард доллардан асады. Қалған қаржы шетел ақшасы және құнды қағазбен салынған. Қазіргідей Ресей мен АҚШ арасындағы геосаяси және экономикалық кикілжіңнің ушығып тұрған кезінде қордағы бар байлықты тұрақты ұстап тұру өте қиын екен. Оның үстіне АҚШ-тың өзімшілдік саясатынан күмәнданып қалған кейбір мемлекеттер америка ақшасынан бас тартып, басқа валютамен сауда жасаудың жолын іздеуге кіріскен. Егер әлемдегі бұл үрдіс жалғаса берсе, доллар ғана емес, американың құнды қағазы да сенімнен шығып қалуы мүмкін. Сондықтан, мәжілісмен Ұлттық банкке қордағы артық ақшаның көбін алтынға айналдыруға кеңес берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!