{metadescription}
Астанада тұрғындар кірқожалақ автобус үшін артық ақша төлеуден бас тартты
Астанада тұрғындар кірқожалақ автобус үшін артық ақша төлеуден бас тартты

Астанада тұрғындар кірқожалақ автобус үшін артық ақша төлеуден бас тартты

Астанада келесі айда жолақы құны өзгереді. Яғни картамен төлесеңіз бұрынғысынша 90 теңге, ал қолма-қол төлем 180 теңгеге дейін өседі. Алматыда былтырдан бастап қолданылып жатқан дифференциалдық тариф деп аталатын төлем осылай Елордаға да жететін болды. Төлемнің бәрі картаға ауысатындықтан, Астананың автобустарында кондуктор деген болмайды. Яғни мыңнан аса адам жұмыстан босайды. Олар енді қайтпек? Дифференциалдық тариф деген не өзі?

Астанада жолақы қымбаттайды деген жел сөз көктемнен бері есіп жүр. Ол бекер емес. Әуелде 200 теңгеге дейін өседі деген. Бүгін қаланың белсенді азаматтарынан құралған қоғамдық кеңесінің алдында «Астана ЛРТ» серіктестігінің  директоры алдағы айдың аяғына дейін қолма-қол төлемнің 180 теңгеге дейін өсетінін хабарлады.

Бекмырза Игенбердинов, «Астана LRT» ЖШС директоры: 

-Негізгі мақсатымыз – халықты жолақыны картамен төлеуге ауыстыру. Біз сол арқылы жұрттың көбіне қай бағытта жүретінін біліп, жолаушылардың нақты санын анықтап, жалпы қозғалыс жүйесін сараптап отыратын боламыз.

-Яғни, картамен төлейтіндер бұрынғысынша 90 тг., қолма-қол төлем екі есеге өседі. Экспресс автобустарда 30 теңгеге қымбаттайды. Бұл биылғы жоспар. Алдағы жылы билет құны 200, экспресс автобустарда жолақы 250 теңгеге жетеді.

Яғни алдағы жылы жолақының құны 200 теңгеге жетіп тынады. Экспресс автобустарда одан да қымбат. Бірақ, қалаған аялдамасында қозғалмай тұрып алатын немесе санитарлық жағдайына салақ қарайтын қоғамдық көліктерге қала тұрғындары екі еселеп ақша төлегісі келмейді.

-48-ші бағыт вокзалға қатынайды. Біздің қаламыздың келбетін көрсететін автобус өте лас. 14-ші бағыт та сондай. №1 муниципалды автобус паркінен басқа жекеменшік компаниялардың көліктері түгел таза емес.

Бұл тығырықтан шығу үшін қала басшылығы тәртіп бұзған автобустарды айыппұлмен жазаламақшы. Ол тентек жүргізушілерді сабасына түсіреді дейді.

Бекмырза Игенбердинов, «Астана LRT» ЖШС басшысы: 

-Тасымалдаушылармен келістік. Жаңа келісімшарт бойынша, бонустар мен айыппұлдар қарастырылған. Егер автобус аялдамаға тоқтамай кетсе, жүрмей қойса немесе іші таза болмаса, айыппұл салынады.

Төлемнің бәрін картаға ауыстыру керек болғандықтан, енді автобустарда кондукторлар қызметі жойылады. Қазір олардың саны мыңнан асады. Оларды диспетчерлік және басқа да кеңсе жұмыстарына жұмылдырмақ.

-Қоғамдық кеңес отырысында жолақының жаңа тарифі қолдау тапса да қарсы болғандар аз болмады. Әкімдіктің әйдік залына жиылған қатысушыларды жүргізуші оқтын-оқтын сабырға шақырумен болды. Әйтсе де бұл әлі соңғы сөз емес. Тасымалдаушылар 3-4 айдан кейін мәселені қайта талқыға салмақ. Сондықтан, жолақы дауы енді қызып келеді деуге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.