{metadescription}
Ақмола облысында оқушы баланы ұрған әкім 36 мың теңге айыппұлмен құтылып кетті
Ақмола облысында оқушы баланы ұрған әкім 36 мың теңге айыппұлмен құтылып кетті

Ақмола облысында оқушы баланы ұрған әкім 36 мың теңге айыппұлмен құтылып кетті

Әкім жазаланды! Ақмола облысында 14 жасар балаға жұдырық жұмсап, қызметінен айырылған Қорғалжын ауылдық аймағының әкімі Жанат Омаров кінәлі деп танылып, айыппұл арқалады.

«Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына әкеп соққан қасақана жеңіл зиян келтіру» деген баппен әкімге тағылған айып аудандық сотта дәлелденген. Жанат Омаров енді 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни, 36  мың теңге айыппұл төлеуге тиіс.  Бұл шешімге әкімнен таяқ жеген Диас Мұқанның ата-анасы наразы. Естеріңізде болса, оқиға ақпан айында аудан орталығындағы мектеп интернатта орын алған. Оқушы баласына араша түсем деп,  жуан жұдырығын ала жүгірген сол кездегі ауыл әкімі Жанат Омаров қаршадай баланы соққыға жыққан-ды. Диас ес түзсіз ауруханадан бір-ақ шыққан. Осы оқиғадан соң ол әкімдік қызметінен босатылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде