Оралдағы ең беделді мейрамхананың түгі қалмай жанып кетті
Қамыс қауіпсіз шатыр бола алмайды. Оралдағы ең беделді мейрамхананың түгі қалмай жанып кетті. Ғимараттың әп-сәтте күлге айналуына төбесінің қамыспен жабылуы себеп.
Автор: Руслан Әбдіхалық
28.06.2018
Қаладағы ең танымал ресторанның от құрсауында қалуы жұртты елең еткізді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетемін дегенше, қамыс шатырлы ғимараттың қабырғалары ғана қалған. Жалынды ауыздықтау үшін 9 техника мен 30 төтенше жағдайлар маманы жұмылдырылған. Бір адам түтінге тұншығып қалыпты. Алайда оның өміріне төнген қауіп жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт техникалық қауіпсіздікті сақтамаудан тұтанған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!