{metadescription}
Таразда көліктің жүк салғышына адамды күштеп мінгізгендер шатылып жатыр
Таразда көліктің жүк салғышына адамды күштеп мінгізгендер шатылып жатыр

Таразда көліктің жүк салғышына адамды күштеп мінгізгендер шатылып жатыр

Таразда көліктің жүк салғышына адамды күштеп мінгізгендерге  қатысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Енді олар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Бұл көрініс әлеуметтік желіге тарап шу болған. Тапа тал түсте кафе маңында белгісіз береулер бір адамды тепкілеп, күштеп «Мерседес Бенц Спринтерге» салады. Еркінен тыс машинаға мінгізілген кісі сол сәтте есінен танып қалып, есікті полицейлер ашқанда ғана есін жиған. Сөйтіп оған жедел жәрдем шақыртылып, алғашқы көмек көрсетілген. Әзірге бір топ азаматтың мұндай қадамға не үшін барғандығы ресми түрде айтылмай жатыр. Жәбірленуші де оған қатысты тіс жаратын емес. Тек ол өзіне танымайтын адамадардың күш көрсеткенін мәлімдеген. Ал, әлеуметтік желіде зардап шегушінің талайды тақырға отырғызған алаяқ екені жазылуда. Яғни қарыздарын қудалағандар оны көрген жерде ұстап, ақыры қолға түскесін алысқа әкетіп, одан ақшаларын өндірмек болған. Дегенмен істің жай-жапсары тергеуден кейін белгілі болады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде