Адам қағып өлтірген әкім орынбасары жеңіл жазамен құтылды
Адам қағып өлтірген Риддер қаласы әкімінің орынбасары жеңіл жазамен құтылды. Бауыржан Құрманбаев енді бір жылын қоныс колониясында өткізеді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
28.06.2018
Татьяна Дремлюх, судья:
-ҚР қылмыстық кодекстің 345-ші бабы, 3-ші бөлігімен айыпталған Құрманбаев бір жылға бас бостандығынан айырылып, жазасы қоныс колониясында өтелсін. Және ол бес жылға көлік басқару құқынан айырылсан. Жазаны өтеу мерзімі 16-шы сәуірден есепке алынсын.
Судьяның айыпталушыға жұмсақ мінез танытары алдын-ала белгілі болған. Өйткені марқұмның әкесі кінәлі шененунікке кешірім беріп, тіпті оны бостандығынан айырмауды сұраған. Қайғыдан қан жұтқан әкенің бұлайша құбылуына атқамінердің материалдық шығын есебінде қомақты қаржы беруі себеп. Арызданушы Виктор Смольников сотқа да қатыспауға уәде берсе керек. Өйткені ол үкім оқылатын күні де төбе көрсетпеді. Еске салсақ, 15-ші сәуір күні мас күйінде «BMW X5» тақымдаған Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев 19 жастағы бозбаланы қағып өлтірген. Қымбат машинаның ішінде Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев та болған еді. Шенеунік бұл істе тек куәгер ретінде сұралды. Ал, әу баста прокурорлар Құрманбаевты қоныс колониясына бес жылға жабуды және осыншама жылға көлік жүргізу құқынан айыруды сұраған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!