Алматыда бір топ белсенді мұражайдың қонақ үйге айналуына қарсы шықты
Алматыда бір топ қоғам белсендісі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған бұрынғы мұражайдың қонақ үйге айналуына қарсы шықты. Айтуларынша, кезінде НКВД кеңсесі болған ғимараттың қазіргі қожайыны нысанды бұзып, жоғарғы қабатынан жатын бөлме, ал Алаш арыстары тергелген жерден мейрамхана ашуға кірісіп кетіпті. Десе де, жиналғандардың жанайқайын елеген ешкім жоқ. Керісінше, бұрынғы ішкі істер халық комиссариатының ғимаратын қып-қызыл ақшаға сатып алдым деген кәсіпкер оны өз қалауынша өзгертуге хақылы екенін айтып отыр.
Автор: Аруна Ортай
28.06.2018
Бұл - Наурызбай және Қабанбай көшелерінің қиылысында орналасқан бұрынғы НКВД-ның ғимараты. Кезінде қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған талай азаматтың мәйіті шыққан мекеме. Бұрынғылар табалдырығын аттамақ түгілі, терезесіне қараудан қорқатын нысан әне-міне ойын-сауық ордасына айналғалы тұр.
Жұмабек Ашуұлы, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы
- Ішін тас-талқан етіп бұзап тастаған, бұл жерден қонақ үй саламыз дейді. Бүкіл қанды қырғынның орны болған жерге адамдар қалай келіп тұрады? Қалай дәттері бар осындай жерге қонақ үй салады? Қаншама қазақтың бетке ұстар азаматтары бір күн емес, айлап азапталып атылған жер. Бұл жерге солардың мұң-азыр сіңіп, қандары тамған жер. Бұдан артық қандай тарихи орын болу керек?
Саяси қуғын-сүргіннің кесірінен Алаш қайраткерлері қасірет тартқан орында мұражай ашылған болатын. Алайда, онысы көпке ұзамапты. Қаланың қақ ортасында орналасқан ғимаратқа қызығушылық артып, ақыры жекеменшікке өтіп тынған. Банк болды, сұлулық орталығы болды. Тіпті қоқыс жинайтын компанияға сатылған. Ал осы ғимаратта сонау 86-дағы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар да тергелген.
Нұрлыбек Қуанбаев, «Желтоқсан қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
-Бүкіл желтоқсандықтардың суреті, кітаптары, партреттері, бәрі бәрі халық қаһармандарының коридорда шашылып, мусор боп жатты. Мен өзімнің суретімді, басқа да танитын жігіттердің суретін коридордан жинап теріп алдым сол жерден. Бұл әруақты жер. Моланы сүріп тастап, үстіне үй де салмайды ғой ресторан түгілі. Қаншама адамның қаны бұл жерде, көз жасы бар.Ғимараттан өліктер шықты ғой былайша айтқанда.
Таласқа түскен ғимараттың қанды тарихы барын білдіріп тұрған міне мына ескерткіш. «Саяси қуғын сүргін тарихы музейі» деген жазуы да бар. Тікен түрменің, ал қираған қазақтың шаңырағы сол жылдардағы қасіреттің белгісі. Бірақ, өкінішке қарай, бұл ескерткіштің де, оның қасындағы ғимараттың да мән-мағынасын түсінетін кәсіпкер болмай тұр.
Виталий Яблонский, «Мак-Сервис ЛТД» ЖШС директоырынң орынбасары:
- Справки никакой нет, что это представляет собой историческую ценность . Это просто административное здание. Мы его купили на законных основаниях, здание наше.
-Бұлар тарихи құндылық, сенің ана репрессияңды түсініп тұрған жоқ! бұлар бизнесмендер! Бұлар бұл мола болса да үстіне ресторан салып, ақша жасау !
Ғимараттың құндылығы жоқ деген кәсіпкерлермен тарихшылар да келіспей отыр. Басқа-басқа, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев сынды арыстардың қаны төгілген жерге қонақ үй ашуға болмайды дейді тарихшылар.
Бейбіт Қойшыбаев, тарихшы:
-Үстінде бір он бес минутта тағдырын шешеді адамның, төменге түсіреді де атып тастайды. Осында астында подвалында «тир» деп атайтын өздері. тти деген жер бар осы күнге дейін аузын жауып қойған.Атады, содан кейін қапқа салады да қаланың сыртына апарып тастай берген. Бұл қазақтың қасіретті тарихына, қасіретті белестеріне тікелей қатысты ғимарат. Сондықтан да ол тарихи ғимарат.
Қоғам белсенділері қонақ үй ашқызып қойып, қарап отырмақ емес. Мекемені мемлекетке қайтарып, қайта мұражай ашуды талап етуде. Тарих үшін күрестің немен аяқталары белгісіз. Әйтсе де, нысанды қып-қызыл ақшаға сатып алған кәсіпкер ішін бұзып, оны қонақ үйге айналдыруға кірісіп те кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!