Олжас Сүлейменовтің немересін көлігімен қағып кеткен жүргізуші полиция полковнигінің қызы болып шықты
Астанада қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне себепкер болған көлік жүргізушісі полиция полковнигінің қызы болып шықты. 29 жастағы Мәлика Мұхитованың әкесі Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Мұхитов екен. Мұны астаналық полицейлер растады.
Автор: Досжан Маратұлы
28.06.2018
Айтуларынша, 53 жастағы полковник қызының қатысы бар жол апатынан кейін еңбек демалысына шығып кетіпті. Ал кінәсін толық мойындаған Мәлика Мұхитованың, сараптама қорытындысы бойынша, көлікті сау күйінде жүргізгені анықталды. Қазір ол 600 мың теңге кепілақы беріп, бостандықта жүр. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Естеріңізге салсақ, жантүршігерлік жол апаты өткен жұма күні болған еді. Елордадағы Мәңгілік ел және Керей-Жәнібек көшелерінің қиылысында мотоцикл мінген 26 жастағы Ескендір Сүлейменовті «Hyundai» көлігі қағып кетті. Ақынның немересі оқиға орнында тілге келмей көз жұмған. Hyundai-ды тізгіндеген полицейдің қызына қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
САНЖАР ӘДІЛОВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІІД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Жүргізуші Мұхитованың ата-аналары бізге тергеуге араласып, ешқандай қарсылық, ешқандай наразылық білдіріп жатқан жоқ. Тергеушілер тек қана заңды түрмен істі жүргізіп, жақында бітіреміз деген сондай мақсатымыз бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!