{metadescription}
Алматыдағы алапат өрт ондаған кәсіпкерді шығынға батырды
Алматыдағы алапат өрт ондаған кәсіпкерді шығынға батырды

Алматыдағы алапат өрт ондаған кәсіпкерді шығынға батырды

Бүгін Алматыда он шақты ірі қойма жанып кетті! Таңғы алтылар шамасында тұтанған қызыл жалын әп-сәтте 17 мың шаршы метрге жуық аумаққа таралып үлгерген. Тілсіз жаумен күреске қаланың барлық өрт сөндірушілері жұмылдырылып, тікұшақ та тартылды. Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Шығын көлемі де нақтылануда.

Қала шетіндегі Қайрат ықшамауданында орналасқан мына қоймалар отқа оранды деген хабар өрт сөндірушілерге таңғы алтыда келіп түскен. Содан жалынды сөндіруге 75 өрт сөндіруші, 20 техника жұмылдырылған. Оған қоса әуеден өрт сөндіргіш ұшақ көмекке келген.

Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:

- Алты сағат үш минутта, Алматы қаласы ТЖД-нің пультіне қоймалар жанып жатуы туралы ақпарат келіп түсті. Көп ұзамай өрт сарбаздары айтылған жерге келді. Келген кезде 13 ангардың-7 еуі өртке оранған еді.

Ангар типінде салынған 13 қойманың тоғызы жанып кеткен. Тікұшақ 44 рейс жасағанымен тек төртеуіне тілсіз жау тимеген. Ол нысандарда ірі компаниялар тауарлары мен азық-түліктерін сақтайтын көрінеді. Сондай-ақ, өрттің салдарынан құжатсыз және тауарсыз қалған көпбалалы ана Әсемгүл Әдісқызы. Ол бұл қоймаға кеңсе тауарларын сақтап жүрген. Әп сәтте бар мүлкінен айырылған анан енді кімге барып көмек сұрарын білмей дал.

Әсемгүл Әдісқызы, қойманы жалға алушы:

-Ұлымды  ойладым, ночьқа шығып кеткен. Звандайын десем ұлымда не телефон жоқ . Жылай бердім Алладан тілек тілеп. Күн көріп отырған складым жанып кетті . Не көрерімді енді білмеймін. Пенсияға шығар кезде міне документім жанып кетті ішінде тұрған  .  Өзім  квартирада тұрамын 8 баланың анасымын. Солар үшін міне. Не істеймін? Сегіз көбелегімнің өмірі міне.

Таң сәріден бері өртенген қоймалардың қара түтіні бірнеше қашықтыққа дейін жеткен. Бұл қоймаларда түрлі теxника, азық-түлік өнімдері тіпті сүт өнімдеріне дейін сақталған. Енді бұлардың барлығы түгі қалмай күлге айналды. Ал сүт өнімдері болса көл болып қойма алдына ағылуда.

Аида Сапарғазинова, сүт өнімдерін шығаратын компания басшысы:

- Біздің қоймамызда жұрт тұтынатын сүттің үш күндік қоры сақталып еді. Енді осы өңірлерге сүт өнімдерін жеткізу қиын болатын болды. Себебі, кеткен шығын көлемі өте көп. Қойманы жалға беретін компания өкілдері қоймаларды тыңғылықты тексеріп, тазарту жұмыстарын жиі жүргізіп тұратын еді. 

Бар мүлкі зақымданған жалға алушыларға шығын көлемін Қызыл жалынның неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Ал қойма басшысы болса тергеу нәтижиесін күтуді сұрайды. Бір анығы бұл қоймаларда азық-түлік, сүт өнімдерінен бөлек кеңсе жабдықтары мен көлік дөңгелектері де болыпты. Бірнеше тауар сақталған нысанның түгі қалмай күл болды. Қазір төтенше жағдайдың шығу себебі мен шығын көлемі анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде